Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан тұрғыны үйінде есірткі өсірген

Түркістан облысы полицейлері үй ішінде есірткі егумен айналысқан тұрғынды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шардара аудандық полиция бөлімшесіне жергілікті тұрғыннан өзіне жақын таныс емес азаматтың заңсыз есірткі егумен айналысатыны жөнінде хабарлама түседі. «Қарасора-2020» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында аудандық полицейлер келіп түскен ақпаратты анықтап, тексеру үшін көрсетілген мекен-жайға шұғыл жетеді.

Тәртіп сақшылары тұрғынның үйін тінту кезінде оның үйі мен сарайының ішінен есірткі затына ұқсас өзіне тән хош иісі бар, өсіруге тыйым салынған, күтіп-бапталған өсімдіктер тапты. Күдікке ілінген ер адам бұрын сотты болған Шардара ауданының тұрғыны болып шықты.​​​​​​ Нақтырақ айтсақ, тұрғынның үйінен бес түп есірткі өсімдігіне ұқсас өсімдік тәркіленіп алынды. Сондай-ақ бөлмеден марихуанаға ұқсас кептірілмеген өсімдік алынды. Оған қоса күдікті тұрғынның үйінен екі литрлі 24 дана шыны банкіде есірткі затына ұқсас заттар және үй ішінде өсірілетін өсімдіктерді күтіп-баптауға арналған үш дана құрылғылар алынды.

Сараптама тағайындалды.​ Осылайша, зерттеуге ұсынылған бес түп өсімдік «сора» болып шықты. Салмағы 1,6 келіден асады. Ал, бөлмеден алынған өсімдік салмағы 16 граммнан астам «кептірілген марихуана» болып шықты.​​​​​​​ Аталған жайт Сарыағаш аудандық полиция бөлімшесінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабы (құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша тіркелді.​​​​​​​​​Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері істің толық мән-жайын анықтап, күдікті өз үйінде есірткіні қандай мақсатта өсіргенін анықтап жатыр. Тергеу амалдары жүргізіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру