Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тұрғындарға түсіндірме жұмыстар жүргізілді

Қызылордада полицейлер еріктілермен бірлесіп, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың  алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы  Полиция департаментінің  Жергілікті полиция қызметі басқармасы әйелдерді зорлық–зомбылықтан қорғау  тобының ұйымдастыруымен 21 сәуірден бастап тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған жедел-профилактикалық шараларын жүргізіп келеді.


Іс-шара барысында учаскелік полиция инспекторларымен  профилактикалық және тізімдік есепте тұратын 465 адам тексеріліп, олармен профилактикалық әңгімесулер жүргізілді.


Қала орталығындағы Абай даңғылы мен Ғ.Мұратбаев көше бойындағы бірнеше аулалар, Титов қыстағындағы сауда үйлер, Тасбөгет елді мекенінде бірнеше аулалар араланып, сол манда орналасқан дүкендер мен дәріханаларға зорлық-зомблықтың алдын алуға арналған жадынамалар ілініп, профилактикалық шолу жұмыстары жүргізілді.


Бұл бағытта жұмыстар жалғасып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру