Тұрғынға жеке куәлік табысталды
Қызыл төлқұжатын жоғалтып алған 51 жастағы аға буын өкіліне жеке куәлік табысталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан Республикасының аумағында жүрген, ҚР-ның азаматы болып табылмайтын және өзінің өзге мемлекеттің азаматтығына жататындығына дәлелдемелері жоқ адамдардың құқықтық мәртебесін анықтау мақсатында іс-шаралар жүргізілуде.
Шара барысында әлеуметтік жағдайы төмен Төлеби ауданы, Екпінді ауылының 51 жастағы тұрғыны, 1974 жылғы үлгідегі КСРО құжатымен жүріп, жоғалтып алған. Сонымен қатар, отбасылық күн көрісіне байланысты ҚР-ның жеке куәлігін алмаған. Осы орайда Төлеби АПБ-нің Көші-қон қызметі тобының қызметкерлері жедел түрде дайындап, егде жастағы азаматтың үйіне жеткізген.
Тәртіп сақшыларының атқарған қызметтеріне көңілі толған Ермек Танешов: – Мен, Төлеби ауданында дүниеге келгенмін. Осы уақытқа дейін КСРО кезіндегі қызыл төлқұжатпен жүрген едім. Алайда оны да жоғалтып алдым. ҚР-да жеке куәліксіз жүргендіктен, маған Төлеби ауданының Көші-қон қызметі тобының полиция қызметкерлері көмек берді. Жеке куәлігімді алуыма себепкер болды. Осы үшін үлкен алғысымды білдіремін. Сіздерге, көп рақмет! -деді.
Өздеріңізге белгілі, Түркістан облысының полицейлері қашанда халыққа жәрдемші, қорғаушы болу мақсатында қызмет атқарып келеді. Елдің тыныштығын күзетумен қатар, әрқашан көмек беруге дайын. Бұл бағыттағы жұмыстар тәртіп сақшылары тарапынан алдағы уақытта да өз жалғасын таба бермек.