Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тау бөктерінде жүрген атты адамнан мылтық табылды

Бәйдібектік полицейлер тауда заңсыз қару ұстап жүрген тұрғынды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бәйдібек АПБ-нің қызметкерлері республикалық “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде. Іс-шара барысында Жергілікті полиция қызметінің табиғатты қорғау полиция инспекторы Алмасбек Сериков тау бөктерінен белгісіз аттылы азаматты көреді. Полицей оған жақындап жеке басын анықтайтын құжатын сұрайды. Осы сәтте тәртіп сақшысы аттың оң жақ бетінде жасырын ілулі тұрған 12 калибрлі мылтықты көреді. Содан полицей қаруды тексеріп, оның заңсыз екенін анықтады.

Аталған жайт ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабы (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы) бойынша тіркеліп, әкімшілік хаттама толтырылды. Қазіргі таңда аталған іс сотқа жолданды.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтау мен алып жүргені үшін қылмыстық жауапкершіліктің қарастырылғанын еске салады. Тәртіп сақшылары облыс тұрғындарына ерікті түрде тіркелмеген қаруды ішкі істер органдарына тапсыруға кеңес береді. Егер сіз де қаруды заңсыз сақтау мен сату жайттары туралы ақпарат болса, тез арада полицияға хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру