Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұрлық жасаған елордалық ұсталды

Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері аккумулятор мен бензинcорабын ұрлаған ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұған дейін ұрлық жасағаны үшін сотты болған 39 жастағы елорда тұрғыны қонақүйдің тұрақты клиенті болғандықтан әкімшінің өтініші бойынша оның автокөлігіндегі пешті жөндемек болған. Әйел адамның оған сенгенін пайдаланып, “ВАЗ 2110” маркалы автокөлігінің аккумуляторы мен бензинсорабын ұрлап кеткен. Ұсталған ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Күдікті мойындау айғағын берді. Ұрланған заттар иесіне қайтарылды, оның бұған дейін елорда аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті қырағылық танытып, құнды заттарды қараусыз қалдымауларыңызды сұрайды.
Автокөліктерден жасалатын ұрлықтарға жол бермеу мақсатында көлік иелеріне дабыл орнатуды, сонымен қатар, өз автокөліктерін күзетілетін тұрақтарға немесе бейнебақылау камераларымен жабдықталған орындарға қоюды ұсынады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру