Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тұрғынның ауласынан 30 түп “сора” есірткі затына ұқсас өсімдік табылды

Түркістан облысының полицейлері үйінде есірткі егіп, сақтаған күдіктіні құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Келес АПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, таныстарының бірі ауласында есірткі затына ұқсас зат өсіруі мүмкін екенін жеткізді.

Аталған жайт Келес АПБ-не тіркелді. Көрсетілген мекен-жайға тез арада жеткен тәжірибелі тәртіп сақшылары тұрғын-үй ауласын тексеру барысында, аса ірі мөлшердегі есірткі заттарын өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтап, өсіруге тыйым салынған сора өсімдіктерін еккенін анықтады.

Осылайша тұрғынның ауласынан 30 түп “сора” есірткі затына ұқсас өсімдік заты мен “марихуана” есірткі затына ұқсас айғақты заттар табылып, тәркілеп алынды. Сараптама тағайындалды. Сот-сараптаманың қорытындысы бойынша зерттеуге ұсынылған 30 түп өсімдік “сора” болып шықты. Ал сақталған есірткі құралының бір бөлігі жалпы салмағы 2,5 кг құрайтын “кептірілмеген марихуана” болса, келесісі 1,9 кг болатын “кептірілген марихуана” екені анықталды.
Аталған оқиға дерегі ҚР ҚК-нің 296-бабымен “Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу” және 300-бап “Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру” бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Өз кінәсін мойындаған күдікті қамауға алынды.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындардың жат әдеттерден сақтанып, спортпен айналысып, салауатты өмір салтын ұстануы керектігін ескертеді. Ал, денсаулығына зиян келтіретін заттарды (ішімдік, есірткі, құмар ойындар) қолданып, өз өмірімен қатар қоғамға да кесірін тигізеді. Сондай-ақ, заң алдында әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру