Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тұрғынның үйіне ұры түсіп, тұрмыстық техникаларды ұрлап кетті

Түркістан облысының полицейлері тұрмыстық техникаларды ұрлаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ордабасы АПБ-не жергілікті тұрғын арызданған. Арызда түнгі уақытта үйіне белгісіз біреу кіріп, компьютерін, теледидарын және басқа да техника құралдарын ұрлап кеткенін көрсеткен. Жәбірленуші әйелге келтірілген жалпы шығын көлемі 100 мың теңгеден астам. Аталған жайт Ордабасы АПБ-не ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталып кетті.

Оқиға орнына жедел жеткен тергеу тобының қызметкерлері үй-үйді аралап, куәгерлерден жауаптар алды. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері пәтер ұрысының ізіне шығып, оны тез арада қолға түсірді. Ол бұрын ұрлық жайты бойынша сотты болған жергілікті тұрғын болып шықты. Тергеу барысында жігіт түнгі уақыттағы қараңғылық пен ашық тұрған терезені пайдаланып, үйге кірген. Содан соң шамасы келген заттарды алып, оқиға орнынан бой тасалаған.

Қазіргі таңда полиция қызметкерлерінің атқарған жұмыстарының нәтижесінде айғақты зат ретінде теледидар алынып, заңды иесіне қайтарылды.

Сондай-ақ қылмыстық іс бойынша күдіктінің іс әрекеттері өз дәлелін тауып, айыптау актісімен бірге Ордабасы аудандық прокуратурасына жолданған.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға мал-мүліктеріңізге, бағалы заттарыңызға, ақшаларыңызға абай болыңыздар деп ескертеді. Бағалы заттарыңызды көзге көрінетін жерлерде қараусыз қалдырмауға кеңес береді. Мүмкіндігінше аулаңызға бейнебақылау камераларын орнатыңыздар. Егер сіз, ұрлық жайтының куәгері немесе құрбаны болсаңыз, тез арада полицияның “102” нөміріне хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру