Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облыстық ПД-да кәмелетке толмаған жасөспірімдерге қатысты маңызды мәселелер талқыланды

Ішкі істер министрлігінде өткен алқа отырысында ҚР Президенті Қ.Тоқаев кәмелетке толмағандармен болатын қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жүйелі жұмыстарды жүргізуді және нақты шешімдер қабылдауды тапсырған болатын. Осыған сәйкес Түркістан облысы полиция департаментінің мәжіліс залында өңір әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтің және полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Бағланбек Айтпаевтың төрағалығымен кәмелетке толмаған жасөспірімдерге қатысты маңызды мәселелер қаралған жедел отырыс өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жиында жасөспірімдер қылмысы мен оларға қатысты зорлық-зомбылық жайттарын болдырмау бағытында қала, аудандық полиция бөлімдерінің басшылары, мүдделі мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйым өкілдері қатысып, олармен нақты қандай шаралар атқарылып жатқаны мен алдағы жоспарлары кеңінен талқыланды.

Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Асылхан Төреханов, облыстық білім басқармасының басшысы Ғалымжан Джумашев, бала құқықтарын жөніндегі өңірлік уәкіл Динара Егамбердиева, «Сенім-ай» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Малика Жусупова, «Рефрейм тұлғалық дамыту» орталығының директоры Гульжан Вероцкаялар жеткізді.

Жалпы, өңірде 400 мыңнан астам отбасыда 900 мыңнан аса 0-18 жас аралығындағы бала өмір өсіп жатыр. Полицейлермен «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» науқаны аясында облыс көлемінде мектептерде 2 832 іс-шара өтті. Оларға 258 мың бала қатысты.

Демек полициямен жүргізілген профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде 2023 жылдың 12 айында кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыс саны біршама төмендеген. Болған қылмысты саралау барысында басым бөлігі түнгі уақытта ата-аналардың бақылауынсыз жүрген жасөспірімдермен жасалатыны анықталды.

Сондықтан бүгінде нақты осы бағыттағы жұмыстарды қатаң бақылауға алып, қала, аудандарда білім, денсаулық, полиция, әкімдік пен мүдделі органдар бірлесе мемлекеттің бақылауында жүрген балаларды барынша жан-жақты қолдау мақсатында әрі қарай жұмыс жанданатын болады. Қылмыс пен құқық бұзушылыққа жол бермеу, өмірлік ахуалын үнемі қадағалап тұру жұмыстары да бірлесе атқарылатыны бойынша уағдаласты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру