Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында 14 жылқыны ұрлаған екі облыстың тұрғындары ұсталды

Түркістан облысында 14 жылқыны ұрлаған екі облыстың тұрғындарын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері облыстың жедел-іздестіру іс-шаралары барысында мал ұрлығымен айналысқан адамдар тобының қызметіне тосқауыл қойды. Жедел уәкілдер 3 күдіктіні, яғни Түркістан және Қызылорда облыстарының тұрғындарын ұстады, олардың бірі малдарды сатып алушы.

Мал ұрлаушылардың Бәйдібек ауданында орналасқан жайылымнан 14 жылқыны жымқырғаны анықталды. Жалпы шығын 4 млн теңгеден асты. Күдіктілердің бірінің тұрғылықты жерін тінту барысында ұрланған жылқыларды, ГАЗель автокөлігін және басқа да заттай дәлелдемелерді тәркіледі. Сондай-ақ олардың Қызылорда облысының аумағында басқа да 2 мал ұрлығына қатысы бар екені белгілі болды.

Қазіргі уақытта мал ұрлығы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктілердің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар екені анықталды. Барлық қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру