Түркістан облысында адам саудасына қарсы күрес күніне орай акция өтті
Түркістан облысында адам саудасына қарсы күрес күніне орай акция өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Халықаралық адам саудасына қарсы күрес күніне орай Түркістан облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы мен қоғамдық қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері, “Сана сезім” қоғамдық бірлестігінің өкілдері және еріктілер бірлесіп кең ауқымды профилактикалық акция ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты – адам саудасына байланысты қылмыстардың алдын алу, олардың жолын кесу, сондай-ақ тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру.
Акция барысында Халықаралық әуежайда және адамдар көп шоғырланатын орындарда тұрғындарға адам саудасының қаупі, оның белгілері мен одан сақтану жолдары түсіндірілді.
Полицейлер азаматтарға адам саудасына қатысты қандай да бір құқық бұзушылықтың куәсі болған жағдайда, бұл туралы дереу полицияға хабарлау қажеттігін ескертті.
Сонымен қатар акция аясында тұрғындарға республикалық сенім телефондары көрсетілген 100-ден астам ақпараттық жадынама таратылды.
