Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында автобус пен жеңіл көлік соқтығысты: 3 адам мерт болды

Түркістан облысында автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, үш адам мерт болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

13 сәуір сағат 19:00 шамасында Сарыағаш АПБ-ға Сарыағаш-Шымкент тас жолында болған жол-көлік оқиғасы туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына бірден жедел-тергеу тобы, аудандық полиция бөлімі және прокуратураның басшылығы шықты.

Полиция қызметкерлерінің анықтауынша, сағат 19:00 шамасында 30-ға жуық жолаушысы бар Yutong автобусы Шымкент қаласы бағытына қозғалған. Осы сәтте қарсы беттен Audi 100 автокөлігі шығып, автобуспен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Audi 100 автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Сондай-ақ автобустың тағы төрт жолаушысы түрлі дене жарақатымен аудандық ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта оқиғаның толық мән-жайы мен қайтыс болғандардың жеке басы анықталуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру