Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында бақташы бөтеннің жылқысын талан-таражға салған

Түркістан облысында бақташы бөтеннің жылқысын талан-таражға салған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Созақ полициясына жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші ер адамның айтуынша, ауыл сыртында мал бағатын бақташы жылқысын сеніп тапсырған. Алайда қазіргі уақытта биесін қайтарып ала алмағанын көрсеткен.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 189-бабы (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу) бойынша тіркеуге алды.

Хабар келіп түскен бойда тәртіп сақшылары оқиға орнына шұғыл шықты. Полицейлердің жүргізген тиянақты жұмысының нәтижесінде жергілікті тұрғын ер адам анықталды.

Белгілі болғандай, күдікті жылқыны арзан бағада 100 мың теңгеге сатып, ақшасын бас пайдасының қажеттілігіне жұмсаған. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру