Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында бұрын сотты болған екі ер адам дүкенге ұрлыққа түскен

Түркістан облысында бұрын сотты болған екі ер адам дүкенге ұрлыққа түскен, – деп хабарлайды Polisia.kz

Арыс АПБ-ға жергілікті тұрғын азамат 102 нөмірі арқылы хабарласып, түнгі уақытта белгісіз біреулер дүкеніне ұрлыққа түскенін көрсеткен. Ұрылар дүкеннен 200 мың теңге ақша мен 30 қорап темекіні жымқырған.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеді. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі 250 мың теңгені құрады. Содан полицейлер ұрлыққа қатысы барларды іздестіру жұмыстарын бастады. Жан-жақты тексеру жұмыстары жүргізіліп, көрген білгендерден сұрады. Нәтижесінде, тәртіп сақшылары күдікті екі азаматты бейнекамераның көмегімен Шымкент қаласынан ұстады.

Белгілі болғандай, күдіктілердің бірі Шымкент қаласының тұрғыны болса, бірі жергілікті тұрғын екені анықталды. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері күдіктілердің бұдан басқа да бес ұрлық жайтына қатысы барын анықтады.

Бүгінгі таңда жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі анықталуда. 2 күдікті де бұрын сотты болып, ҚР ҚК-нің 188-бабымен жауапкершілікке тартылған. Қазіргі таңда күдіктілер қамауда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру