Түркістан облысында екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізуші қыз ұсталды
Түркістан облысында екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізуші қыз ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мәселен Түркістан ҚПБ ЖПҚ ППР қызмет инспекторы Сағи Абсейітов, түнгі сағат 00:20 шамасында қала көшелерінің бірінде автокөлігің артқы шамын жақпаған «Мерседес-Бенц 200» маркалы автокөлігін тоқтатады. Тексеру кезінде көлік жүргізушісінің әйел екені және оның көлікті мас халде айдап келе жатқанына күдік туындайды. Полицейлер осы жайтты нақтылау үшін медициналық сараптама тағайындады. Куәландыру қорытындысына сәйкес күдікті әйелдің орта дәрежелі масаң күйі анықталды.
Сонымен қатар жүргізушінің құжаттарын қарау барысында, оның бұдан алдын ішімдік ішіп көлік басқарғаны үшін Жаңақорған аудандық мамандандырылған сотының шешімімен ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша бес жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айрылғаны анықталды. Оған қарамастан жүргізуші әйел тағыда мас күйде көлік тізгіндеген.
Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 346-бабы (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) бойынша СДТБТ-ға тіркеді. Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасуда.
Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Автокөлікке мас халде отырмаңыз, бұның соңы орны толмас өкініш пен өлімге әкеп соқтыруы мүмкін. Қашықтықты және маневр жасау ережелерін сақтау, жылдамдықты асырмау және қарсы жолаққа шықпау қажет. Жүргізушілер, үнемі жол қауіпсіздігі ережесін орындаса, тәртіпке бағынса, өз өмірі мен жолаушылардың өмірін сақтайтынын есте шығармағаны жөн.