Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Таныс қызының төрт тісін сындырған ШҚО тұрғыны қоғамдық жұмысқа тартылды

Таныс қызының төрт тісін сындырған ШҚО тұрғыны 300 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны танысының төрт тісін cындырғаны үшін 300 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылды.

Жігіт досымен және таныс қызымен ішімдік ішіп отырып, таныс қызынан пәтерден кетуін өтінген, өйткені оған басқа қыздар келуі керек еді. Алайда, қыз пәтерден кетуден бас тартқан, мас күйінде ашуланған жігіт, қыздың бетінен жұдырықпен екі рет ұрып жіберген. Нәтижесінде ол жоғарғы және төменгі жақ сүйектеріндегі төрт тісін қағып түсірген. Қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін жігітке 300 сағаттық қоғамдық жұмыс тағайындалды.

– Сотталған пробация қызметіне есепке қойылды. Ол қоғамдық жұмыстарды орындау үшін жергілікті атқарушы органға жіберіледі, онда күн сайын төрт сағат көлемінде қоғамдық орындардағы қоқысты тазартатын болады. Бұдан басқа, сотталған адамның орындалған жұмысы мен мінез-құлқы пробация қызметінің тұрақты бақылауында болады, – деп атап өтті пробация қызметінің бастығы Жанболат Кеңесханов.

Егер қоғамдық жұмыстарға сотталғандар қоғамдық жұмыстарды орындаудан жалтарған жағдайда, олар заң бойынша қамауға алынуы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру