Түркістан облысында гараждан көліктің 4 дөңгелегін жымқырып кеткен күдікті анықталды
Түркістан облысында гараждан көліктің 4 дөңгелегін жымқырып кеткен күдікті анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz
Кентау ҚПБ-ға жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, түнгі уақытта белгісіз біреулер үйіне кіріп, гаражында тұрған автокөліктің 4 бірдей дөңгелегін жымқырып кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын – 80 мың теңге.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеуге алынды.
Ақпарат алысымен ұрлық болған мекенжайға бірден жедел-тергеу тобы жетті. Тұрғынның дөңгелегін ұрлап, жеңіл жолмен пайда таппақ болған ұрыларды ұстау мақсатында тәртіп сақшылары қажетті шараларды іске асырды. Оқиға орнынан дәлелдерді жинақтап, көрген-білгендерден жауап алды.
Нәтижесінде осы ұрлыққа күдікті ретінде жұмыссыз жергілікті тұрғын анықталды.
Бүгінде полицейлер дөңгелектерді айғақты зат ретінде тәркілеп, заңды иесіне қайтарды. Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.