Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда маршруттық такси жүргізушісі жол үстінде мобильді ойын ойнаған

Павлодарда маршруттық такси жүргізушісі жол үстінде мобильді ойын ойнаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар полицейлері әлеуметтік желілерді бақылау кезінде tipavlo аккаунтында жарияланған бейнероликті анықтады. Онда адамдарды тасымалдайтын қалалық маршруттық такси жүргізушісі қозғалыс жол үстінде мобильді ойын ойнаған. Бұл фактіні жүргізушінің мұндай мінез-құлқына ашуланған жолаушылардың бірі түсіріп алған. Тәртіп сақшылары бейнероликтің басты “кейіпкерін” анықтады. Белгілі болғандай, бұған дейін ол осындай бұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

– Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБК 591-бабының 2-бөлігі бойынша хаттама жасалды. Ер адаммен профилактикалық әңгіме өткізілді, онда ол өз қателіктерін қайталамауға және жол қозғалысының барлық ережелерін сақтауға уәде берді, – деп атап өтті Павлодар қаласы патрульдік полиция батальонының командирі Ринат Шарипов.

Сондай-ақ, тәртіп сақшысы биыл көлік құралын басқару кезінде ұялы телефонды пайдаланғаны үшін 1900 жүргізуші жауапкершілікке тартылғанын нақтылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру