Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында группаласын тонаған күдікті ұсталды

Түркістан облысында группаласын тонаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісай АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданды. Жас жігіттің айтуынша, оның өзімен бірге оқитын группаласы сауда дүкенінің жанында Samsung телефонын ашық түрде тартып алған.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 191-бабы (Тонау) бойынша тіркеуге алынды. Оқиға орнына бірден полицияның жедел-тергеу тобы шығып, сұрастыру жұмыстарын жүргізді.

Нәтижесінде, полицейлер күдікті жас жігітті небәрі бір сағат ішінде ұстап, полиция бөліміне жеткізді. Ол жергілікті тұрғын болып шықты.

Анықталғандай, күдікті жас жігіт танысының телефонын алып, сатып жібермек болған. Яғни, оңай жолмен ақшалы болғысы келген. Алайда тәртіп сақшыларының қырағылығымен жас жігіттің ойға алғаны іске аспай, дер кезінде жәбірленушінің телефоны қайтарылды.

Бүгінде Жетісай ауданының тәртіп сақшылары күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру