Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Кентауда ер адам танысының мейрамханасына ұрлыққа түсті

Кентауда ер адам танысының мейрамханасына ұрлыққа түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кентау ҚПБ-ға қала орталығындағы орналасқан мейрамхана иесінен хабарлама келіп түсті. Кәсіпкер әйелдің айтуынша, оның мейрамханасына белгісіз біреу терезе арқылы заңсыз кіріп, кассада тұрған 200 мың теңге ақшасы мен құны 30 мың теңгенің затын жымқырып кеткен.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеуге алынды.

Тәртіп сақшылары ұрыны анықтауға бірден іске кірісті. Полицейлер ұрлық орын алған мейрамхананы, оған жақын аймақтарды мұқият қарап шықты. Бейнебақылау камералары тыңғылықты тексерілді. Мейрамхана қызметкерлерінен, куәлардан жауап алынды. Нәтижесінде жинақталған ақпарат көздері арқылы күдіктінің жеке басы анықталды. Ол жәбірленушінің танысы болып шықты.

Белгілі болғандай, мейрамхананы білетін танысы ақша қажет болғандықтан, ойға алған ісін түнгі сағат 02:00 шамасында жасаған. Яғни, мейрамхана кассасынан қолына ілінген ірі ақшаларды ұрлап кеткен. Қазіргі таңда күдікті ер адам қамауға алынып, оған қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру