Түркістан облысында көлігінің терезесін күңгірттеген жүргізушіге хаттама толтырылды
Түркістан облысында көлігінің терезесін күңгірттеген жүргізушіге хаттама толтырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz
Бәйдібек АПБ ЖПҚ ППТ аға қызмет инспекторы Еділ Амангелді күнделікті қызметін атқару кезінде кезекті әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесті. Яғни, тәртіп сақшысы Шаян ауылы көшелерінің бірінде Lada 21214 көлігі терезесін күңгірттеп алғаны бойынша хабарлама келіп түседі. Нәтижесінде полицей Еділ бірден автокөлік иесінің жүрген жерін анықтады. Жүргізушіге көлік терезесіндегі күңгірттеген жапсырманы алдырып тастады.
Құқық бұзушыға қатысты заңға сәйкес ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 5-бөлігі (Техникалық регламенттердің, ұлттық стандарттардың талаптарына сай келмейтiн, сондай-ақ көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын ақаулары мен жағдайлары бар көлiк құралдарын басқару) бойынша хаттама толтырылды.
Жалпы, Бәйдібек аудандық полицейлері жол ережесін бұзушыларды анықтауға бағытталған іс-шараларды тұрақты өткізіп отырады. Оның ішінде қауіпсіздік белдігін қолданбау, ұялы телефон пайдалану, басып озып кету, автокөліктерді масаң күйде басқару, жолдың қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығу, маневр жасау, көше қиылыстары мен жаяу жүргіншілер өтпесінен өту жағдайларымен байланысты жасалған құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында тұрақты түрде рейдтік-профилактикалық іс-шаралар ұйымдастыруда.