Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда Білім күніне орай 700-ге жуық полицей жұмылдырылды

Алматыда Білім күніне орай 700-ге жуық полицей жұмылдырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаладағы 207 жалпы білім беретін мектептің аумағында қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 700-ге жуық патрульдік полиция, ювеналды полиция және учаскелік инспекторлар жұмылдырылған.

– Өткен жылдардың тәжірибесін ескере отырып, Штаб алдын ала талдау жүргізіп, жаңа оқу жылының басталуына орай іс-шараларға тартылатын күштер мен құралдардың сәйкестігін бекітті. Таңғы сағат 7-ден бастап “қарбалас сағат” аясында патрульдік полиция инспекторлары мен мамандандырылған батальон қаланың негізгі жолдарында қозғалысты қолмен басқаруға ауыстырды. 33 жол айрығын қамтыды. Кешкі сағат 18:00-ден 20 сағат 40 минутқа дейін көлік кептелісін болдырмау үшін жеке құрам қолмен басқаруға қойылады, – деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ержан Ұзабаев.

11:30-дағы жағдай бойынша Алматыда жол кептелісі 10 баллдың 6-сын құрайды. Таңғы 06.00-ден 11.00-ге дейінгі аралықта 14 жол-көлік оқиғасы тіркелді, оның бесеуі – зардап шеккендермен.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру