Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында мал ұрысы қылмыс үстінде ұсталды

Созақ аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері “Мүлікті қорғау жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған жоспарлы бағдарлама” бойынша рейдтік шара жүргізу кезінде мал ұрлап бара жатқан ер адамды қылмыс үстінде ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Толығырақ айтар болсақ, түнгі уақытта рейдке шыққан полицейлер сағат 03:00 шамасында өздеріне күдік тудырған Audi 100 көлігін тексеру үшін тоқтатты. Алайда көлік жүргізушісі заң талаптарына бағынбай, ізін жасыру мақсатында қашпақшы болған. Полицейлер дер кезінде автокөлікті тоқтатты. Тексеру барысында көліктің артқы орындығынан ірі қара мал табылды.

Анықталғандай, сиыр ұрланған болып шықты. Ол сол уақытта жергілікті тұрғынның малын ұрлап, үйіне апармақшы болған. Алайда ойлаған ойы жүзеге аспай, ұрлаған бөтеннің мүлкі айғақты зат ретінде тәркіленіп, өз иесіне қайтарылды.

Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары ҚР ҚК-нің 188-1-бабы (Мал ұрлығы) бойынша жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру