Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында мас халде көлік басқарған жүргізуші қамауға алынды

Түркістан облысында мас халде көлік басқарған жүргізуші қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазығұрт ауданы ПБ полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылау мақсатында, күнделікті жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша рейдтік-профилактикалық іс-шараларын жүргізуде.

Осындай шара барысында тәртіп сақшылары қызметтік міндетін атқару барысында ішімдік ішіп, көлік басқарған жүргізушіні анықтады.

Полицейлер күнделікті жұмыстарын жүргізу барысында, жол ережелерін бұзып келе жатқан автокөлікті байқап, тоқтатты. Содан соң оны тексеру кезінде жүргізушінің мас күйіне күдіктеніп, жергілікті тұрғынға қатысты медициналық сараптама тағайындады.

Куәландырудың қорытындысына сәйкес жүргізушінің мас екені анықталды.

Полиция қызметкерлері акогольдік ішімдік ішіп, автокөлік басқарған азаматқа қатысты ӘҚБтК 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша іс-құжаттарды жинақтап, Қазығұрт аудандық сотына жолдады. Бүгінде сот жүргізушіні аталған бап бойынша кінәлі деп танып, жеті жылға көлік басқару құқығынан айыруға және 15 тәулікке әкімшілік қамауға алуға үкім етті.

Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Автокөлікке мас халде отырмаңыз, бұның соңы жазатайым оқиғалар мен өлімге әкеп соқтыруы мүмкін. Қашықтықты және маневр жасау ережелерін сақтау, жылдамдықты асырмау және қарсы жолаққа шықпау қажет. Жүргізушілер, үнемі жол қауіпсіздігі ережесін орындаса, тәртіпке бағынса, өз өмірі мен жолаушылардың өмірін сақтайтынын естен шығармағаны жөн.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру