Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында мас күйде көлік жүргізген тұрғын жауапқа тартылды

Түркістан облысында мас күйде көлік жүргізген тұрғын жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кешкі уақытта полиция қызметкерлері Шолаққорған кенті көшелерінің бірінде жүргізушісі қауіпсіздік белдігін тақпаған ресейлік ВАЗ көлігін тоқтатты. Тәртіп сақшылары жүргізушінің құжаттарын тексеру кезінде автокөлік жүргізушісінде ішімдік ішудің белгілерін байқап, медициналық куәландыруға жеткізді. Қорытындыға сәйкес, Созақ ауданының тұрғыны мас күйінде көлік жүргізгені расталды.

Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Жинақталған материалдар тиісті заңды шешім қабылдау үшін Созақ аудандық сотына жіберілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру