Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында мас жүргізуші жол апатын жасады

Түркістан облысында мас күйде көлік тізгіндеп, жол-көлік оқиғасын жасаған азамат әкімшілік қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ордабасы ауданының тұрғыны Opel vectra автокөлігін мас халде басқарып, өз бағытында өтіп бара жатқан DAF жүк автокөлігіне соқтығысып, жол-көлік оқиғасын жасап, жүк көлігі иесіне материалдық шығын келтірген. Оқиға орнына тәртіп сақшылары жедел жетіп, істің ақ-қарасын ажыратуға бірден кірісті.

Аталған жайтты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша тіркеді.

Жол апатын жасаған азаматқа қатысты медициналық сараптама тағайындалып, полиция қызметкерлері болған оқиғаға байланысты іс-құжаттарды жинақтап, заңды шешім қабылдау мақсатында Ордабасы аудандық сотына жолдады.

Соттың шешімі бойынша спирттік ішімдік ішіп, масаң халде көлік тізгіндеген азамат ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабына сәйкес кінәлі деп танылып, 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алу туралы шешім шықты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру