Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында мас жүргізуші жол-көлік оқиғасын жасады

Түркістан облысында мас жүргізуші жол-көлік оқиғасын жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш қаласындағы көшелердің бірінде жол-көлік оқиғасы орын алып, полиция қызметкерлері мас күйде көлік жүргізудің кезекті жайтын анықтады. Яғни, Volkswagen T4 автокөлігін тізгіндеген жас жігіт түнгі 03:00 шамасында Жібек жолы – Жетісай тас жолымен жүріп келе жатып, бағдаршамның қызыл түсін елемеу салдарынан көше қиылысынан шыққан Mersedec-Benz 230 автокөлігіне соқтығысқан. Қуанарлығы жол апатынан зардап шеккендер жоқ.

Оқиға орнына дереу шыққан сарыағаштық полицейлер жол ережесін өрескел бұзған Volkswagen Т4 автокөлігінің жүргізушісіне сот-наркологиялық сараптама тағайындады.

Нәтижесінде, оның “жеңіл дәрежедегі” масаң күйде екені анықталды. Тексеру барысында аталған жүргізушінің бұған дейін де ішімдік ішіп, көлік тізгіндегені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы (Алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі жүргізушінің көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын жүргізуді алкогольдік, есірткілік және уятқұмарлық масаң күйдегі адамға беруі) бойынша жауапқа тартылып, Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен үш жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айырылғаны белгілі болды. Десек те, өз қателігінен нәтиже шығармаған жүргізуші ішімдік ішіп, қайта көлік тізгіндеген.

Полицейлер аталған жайтты ҚР ҚК-нің 346-бабы 2-бөлігі (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) бойынша тіркеуге алды. Қазір таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жүргізуші қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру