Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында өзгенің атынан несие рәсімдеген алаяқ жігіт ұсталды

Түркістан облысында өзгенің атынан несие рәсімдеген алаяқ жігіт ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кентау ҚПБ-ға бірнеше жергілікті тұрғын арызданады. Жәбірленушінің бірінің айтуынша, оның атынан белгісіз біреу онлайн-несие алып 135 мың теңге шығын келтірген. Ал, екіншісі арызданушының атынан 60 мың теңге алып, банкке қарыз еткен. Біраз уақыт өткен соң берешектері көбейіп, банктен хабар келгенде, жәбірленушілер тез арада тәртіп сақшыларынан мән-жайды анықтауға көмек берулерін сұраған. Аталған жайт СДТТБТ-не енгізіліп, ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді.

Арызданушылардың шағымына сәйкес, орын алған алаяқтық қылмысын ашып, күдіктіні анықтау мақсатында Кентау ҚПБ полицейлері қажетті іс-шараларды жүргізді. Тексеру жұмыстары нәтижесінде, полицейлер осы қылмысқа қатысты күдіктіні анықтап, оны тұрғылықты мекенжайынан ұстады. Алаяқтық жасаған жас жігіт жәбірленушілердің танысы болып шықты.

Осы істі соңына жеткізіп, алаяқтық қылмысының ақ-қарасын ажыратып, нақты дәлелдерді табуда Кентау ҚПБ-ның тергеу бөлімшесінің қызметкерлері қарқынды қызмет жасады. Тергеудің кәсіби жүргізіліп, күдіктінің өз кінәсін мойындауында тергеуші полиция аға лейтенанты Айдос Алпысбай:

– Анықталғандай, күдікті азамат таныстарына хабарласып, олардың банктік кәртішкелерінің нөмірлерін сұраған. “Біреу ақша салатын еді” деген сылтаумен жәбірленушілердің нақты мәліметтерін алған алаяқ, одан ары өз арам ойын жүзеге асырған. Жәбірленушілердің атынан банкке сұраныс жіберіп, мақұлдау алған. Содан шағымданушылардың есепшотына түскен ақшаны өзіне аудартып алады. Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, жинақталған іс-құжаттары айыптау актісімен сотқа жолданды, – деп атап өтті.


Алайда, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігінде көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылық бойынша күдіктінің жәбірленушілермен татуласқанына және оларға келтiрiлген шығын қалпына келтіруіне байланысты, қылмыстық жауаптылықтан босатылып, оған қатысты қозғалған қылмыстық іс өндірістен тоқтатылды.

Түркістан облысы полицейлері азаматтарға өзіңізге қатысты жеке, құпия сандарды ешкімге бермеңіздер деп ескертеді. Банктік карточкаларыңыз бен жеке куәлігіңізге, жалпы құжаттарыңызға ұқыпты болыңыздар. Егер, осындай интернет-алаяқтығының куәсі немесе құрбаны болсаңыз, тез арада полицияның “102” телефонына хабарласыңыздар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру