Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бетпердесіз жұмыс істеген: Шымкентте карантин талаптарын сақтамаған кезекті рестобар анықталды

Шымкентте карантин талаптарын сақтамаған кезекті рестобар анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 4 маусымында сағат 00:30-да Тәуке хан даңғылы №277 үйде орналасқан “Пандора” рестобары карантиндік шектеулерді бұзып, келушілерді қабылдап жатқанын анықталды. Қызметкерлер мен даяршылар рестобар ішінде бір реттік бетпердені тақпай қызмет көрсетуде. Сондай-ақ тиісінше тыйым салынғанына қарамастан келушілерге қорқор ұсынғаны да белгілі болды.

Аталған жайт бойынша карантин талаптарын сақтамай жұмысын жалғастырған рестобар әкімшісі түсініктеме жазудан бас тартуына байланысты үстінен акт түзілді. Жинақталған іс-құжаттар шара қолдану үшін ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру