Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында өзгенің көлігін мас халде айдап кеткен ер адам ұсталды

Түркістан облысында өзгенің көлігін мас халде айдап кеткен ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазығұрт аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ер адам өз арызында тұрғын үйінің қақпасы алдында, көше бойында тұрған LADA-21214 көлігін белгісіз біреу рұқсатсыз айдап кеткені бойынша шағымданды. Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 200-бабы (Автомобильді немесе өзге де көлік құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) бойынша тіркеуге алып, бірден іске кірісіп кетті.

Қылмысты ашу мақсатында тәртіп сақшылары оқиға орнына шығып, жедел-тергеу амалдарын бастады. Полицейлер тарапынан көлік ұрлаған күдіктіні құрықтау мен түр-тұлғасын анықтау үшін қажетті барлық шаралар атқарылды. Соның нәтижесінде, тәртіп сақшылары тәулік ішінде жәбірленушінің көлігі тұрған жерін және күдіктінің жеке басын анықтады. Яғни, жүйелі атқарылған жұмыс арқасында көлікті мас халде заңсыз айдап кеткен ер адам ұсталды.

Анықталғандай, күдікті түнгі уақытта көшеде кілттенбеген көлікті байқап, айдап кеткен. Сонымен қатар, күдікті ер адам жүргізуші куәлігі болмаған.

Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша тіркеді. Жинақталған іс құжаттар сотқа жолданып, соттың шешімімен 20 тәулікке қамауға алынды. Ал өзгенің көлігін заңсыз айдап кеткені бойынша ҚР ҚК-нің 200-бабымен (Автомобильді немесе өзге де көлік құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру