Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында полицейлер тас жолда дөңгелегі жарылған жүргізушіге көмектесті

Түркістан облысында полицейлер тас жолда дөңгелегі жарылған жүргізушіге көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы ПД ЖПҚ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Сарыағаш – Жетісай тас жолында патрульдеу кезінде жол жиегінде тұрған Audi көлігін байқап, бірден жанына барды. Полицияны көрген ер адам көлігінің дөңгелегі жарылып, жөндей алмай тұрғанын айтқан. Жүргізуші өтіп жатқан көліктерді тоқтатуға тырысқанымен, нәтиже болмаған.

Анықталғандай, ер адамда жарылған дөңгелекті ауыстыратын домкрат құралы жоқ болған. Содан тәртіп сақшылары автокөлік одан әрі жүру үшін домкратты жеткізіп, дөңгелекті ауыстыруға көмектесті. Полицейлердің қамқорлығы мен көмегіне жүргізуші шын жүректен ризашылығын білдірді.

– Полиция қызметкерлеріне көп рақмет. Қиын сәтте көмек қолын созды. Сіздердің жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін, – деді ол.

Полиция қызметкерлері жүргізушілер мен жолаушыларға жолда өте мұқият болуға кеңес береді. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру