Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында полицейлер тұрғынның ауласынан қарасора тапты

Түркістан облысында полицейлер тұрғынның ауласынан қарасора тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түлкібас аудандық полиция бөліміне ер адамнан жергілікті тұрғынның бірі есірткі өсімдігін егетіні және өсіретіні туралы хабарлама келіп түскен.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 300-бабы 1-бөлігі (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) бойынша тіркеуге алды.Тәртіп сақшыларының жедел-іздестіру шарасы аясында күдікті анықталды.

Тұрғынның ауласын тінту кезінде жеті түп есірткіге ұқсас өсімдік табылды. Аталған өсімдікке сараптама тағайындалды. Нәтижесінде, айғақты ретінде алынған зат қарасора есірткі өсімдігі болып шықты. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру