Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында полицейлер тұрғынның жоғалған қойларын тауып берді

Түркістан облысында полицейлер тұрғынның жоғалған қойларын тауып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қала тұрғыны жоғалған қойларын қайтаруға көмектескен учаскелік полиция инспекторларының жедел және сапалы жұмысы үшін шынайы ризашылығын білдірді.

Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданып, күндізгі уақытта есік алдына жайылып жүрген алты бас ұсақ малы жоғалғанын жеткізді.

Хабарламаны алған сәтте оқиға орнына учаскелік полиция инспекторлары шықты. Тәртіп сақшылары бірден іздеуге кірісіп, жақын маңдағы барлық аумақтар мен жайылымдарды қарап шықты.

Жүйелі жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде полицейлер, 3 сағат ішінде жайылымнан 3 шақырым қашықтықтан, яғни көрші ауыл маңындағы даладан жоғалған қойларды тапты. Полиция қызметкерлерінің кәсібилігінің арқасында табылған ұсақ малдар қала тұрғынына қайтарылды. Өз кезегінде тұрғын полицейлерге жоғалған қойларын аз уақыттың ішінде тауып бергені үшін алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру