Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында полицейлер жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында заманауи технологияларды тиімді пайдалуда

Түркістан облысында полицейлер жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында заманауи технологияларды тиімді пайдалуда, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Келес ауданында жүргізілген профилактикалық іс-шара кезінде дрон арқылы жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған жүргізуші анықталды.

Полиция қызметкерлері ұшқышсыз ұшу аппараты Жібек жолы – Жетісай трассасында Mitsubishi автокөлік жүргізушісінің қарсы бағытқа шыққанын тіркеді. 29 жастағы көлік жүргізушісі жол қозғалысының өзге қатысушыларына қауіп төндіретін әрекетке барған. 

Жүргізілген бақылау мұндай қауіпті фактілерді дер кезінде анықтап, жол-көлік оқиғасының алдын алуға мүмкіндік берді. Оған қатысты заңға сәйкес шара көріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 

Сонымен қатар рейдтік іс-шаралар барысында мас күйінде көлік басқару, заңсыз жолаушы тасымалдау, мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз көлік жүргізу және басқа да жол қозғалысы ережелерін бұзудың 65 фактісінің жолы кесілді. Жалпы профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде 7 автокөлік арнайы тұраққа қойылды.

Полиция жол қозғалысына қатысушыларды жол ережесін қатаң сақтауға және өз қауіпсіздігі мен өзге азаматтардың өміріне жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру