Түркістан облысында полиция көршісінің үйіне ұрлыққа түскен күдіктіні ұстады
Түркістан облысында полиция көршісінің үйіне ұрлыққа түскен күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Созақ ауданының полициясы бір үйге екі рет ұрлыққа түскен 26 жастағы ер адамды анықтады.
Белгілі болғандай, күдікті ер адам көршісінің үйіне кешкі уақытта ұрлыққа түсіп, 740 мың теңгеге жуық ақшасын алған.
Полиция қызметкерлері аталған ер адамның бір апта бұрын дәл осы көршісінің үйіндегі шкафтан алтын бұйымдарын ұрлағанын анықтады.
Күдікті ұрлаған алтын бұйымдарды ломбардқа өткізіп, ақшаны құмар ойынға жұмсаған.
Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.