Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында қалта ұрлығына қатысты күдікті әйел ұсталды

Түркістан облысында қалта ұрлығына қатысты күдікті әйел ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шардара АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданды. Ол өз арызында сауда дүкеніне сауда жасауға барған сәтінде қол сөмкесінің ішінде ұялы телефонымен ақшасының жоқтығын көрген. Содан әйел қалта ұрыларының қолды еткенін сезіп, бірден полиция бөліміне арызданған. Жәбірленуші әйелге келтірілген шығынның көлемі 100 000 теңгеге жуық.

Оқиғаны полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеп, бірден іздестіру жұмыстарына кірісті. Шардара АПБ полицейлерінен арнайы жедел уәкілдер тобы құрылып, ұрлық қылмысын ашуға жүйелі түрде іске кірісті. Соның нәтижесінде Шардара  КПБ-нің жедел уәкілдері полиция капитаны Мұхтар Боранбаев пен полиция аға лейтенанты Бақберген Оңалбай күдікті ретінде жергілікті тұрғын әйелді анықтап, полиция бөліміне жеткізді.

Белгілі болғандай, орта жастағы күдікті әйел өз қылмысын толықтай мойындады. Сондай-ақ қолды болған заттар заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру