Түркістан облысында қызылордалық әйел тұрғыннан ұялы телефон ұрлап кетті
Түркістан облысында қызылордалық әйел тұрғыннан ұялы телефон ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Отырар АПБ-ға жергілікті тұрғын ұрлықтың құрбаны болғандығы жөнінде арызданған. Оның айтуынша, өзінің жұмыс орнындағы асханалардың бірінде тамақтанып отырған сәтінде бірнеше минутқа сыртқа шығып, қайта кіргенінде үстел үстінде тұрған «HUAWEI-6» маркалы ұялы телефонын белгісіз адам ұрлап кеткенін көрсеткен. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі 72 000 теңге. Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша СДТТБТ-ға тіркеді.
Бұл ұрлық қылмысы бойынша полицейлер жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Жан-жақты тексеру жұмыстарын жүзеге асырып, көрген-білгендерден жауап алды. Бейнебақылау камераларын тексерді, барлық қажетті шараларды атқарды. Соның нәтижесінде жинақталған ақпарат көздері арқылы күдіктінің жеке-басын анықтап, ұстады. Ол әйел сол асханада аспазшы болып жұмыс жасайтын Қызылорда облысының тұрғыны болып шықты. Айғақты зат ретінде қолды болған ұялы телефон тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды.
Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің бас шарасы қолхатта.