Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында сеніп тапсырылған қойларды ысырап еткен қойшы анықталды

Түркістан облысында сеніп тапсырылған қойларды ысырап еткен қойшы анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түлкібас АПБ-нің кезекшілік бөлімшесіне жергілікті тұрғыннан арыз түсті. Жәбірленушінің айтуынша, ол ағымдағы жылдың мамыр айында 387 бас қойын санап, бақташыға сеніп тапсырады. Алайда қараша айында алып кетуге барғанында 18 бас малының жоқ екендігін жеткізеді. Аталған арыз Түлкібас АПБ-не тіркеуге алынып, ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабымен (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) енгізілді. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 1 миллион теңгені құрады.
Тәжірибелі тәртіп сақшылары шұғыл әрекет етіп, тексеруді бастап кетті. Ауыл-аймақтың барлық жайылымдық жерлеріне тінту жүргізіп, көрген-білген тұрғындардан жауаптар алынып, сонымен қатар мал базарлар мұқият тексерілді.
Жинақталған ақпарат көздері нәтижесінде полицейлер осы қылмысқа күдікті жергілікті тұрғын яғни бақташының өзі екендігін анықтады. Күдіктінің бас шарасы міндеттемемен босатылды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері мал жайылымында малды қараусыз қалдырмауға кеңес береді. Сондай-ақ өзіңізге жақсы таныс емес азаматтарға малыңызды сеніп тапсырмағаныңыз абзал. Ал, бақташыға сеніп тапсырылған төрт-түлігіңізді жиі тексеріп, қадағалап тұрғаныңыз жөн. Үй жануарларыңыз жоғалса немесе ұрланса, онда сіз уақыт жоғалтпай ,шұғыл түрде полицияның “102” нөміріне хабар беріңіз. Бұл өз кезегінде қылмыскерлерді тез арада ұстауға көмектеседі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру