Түркістан облысында тұрғынның телефонын күштеп тартып алған күдіктілер анықталды
Түркістан облысында тұрғынның телефонын күштеп тартып алған күдіктілер анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz
Түркістан қалалық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші ер адамның айтуынша, оған қала көшелерінің бірінде түнгі уақытта белгісіз біреулер шабуыл жасап, құны 100 мың теңге тұратын Samsung телефонын тартып алған.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 191-бабы (Тонау) бойынша тіркелді.
Оқиға орнына түркістандық полицейлер шықты. Күдіктіні ұстау мақсатында тәртіп сақшылары куәлардан жауап алып, басқа да қажетті іс-шараларды жүзеге асырды. Жедел шаралардың нәтижесінде тонау қылмысына қатысы бар 3 бірдей күдікті азамат қолға түсті. Олар жұмыссыз жергілікті тұрғын болып шықты. Анықталғандай, күдіктілер сол сәтте жәбірленушінің мас халде болғанын көріп, өз арам ойларын жүзеге асырған.
Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Айғақты зат ретінде телефон тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды. Полиция қызметкерлері күдіктілердің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын тексеруде.