Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда жеке үйлерде интимдік қызмет көрсетілген

Алматыда жеке үйлерде интимдік қызмет көрсетілген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Боди массаж жасайтын салондардың бірі қаланың Әуезов ауданындағы Алмас шағын ауданында анықталды. Белгілі болғандай, қызметкерлер массаждан бөлек, жыныстық қатынас қызметін де көрсеткен. Мекеменің әкімшісі мен салонда жұмыс істейтін жеті қыз оқиға орнында ұсталды.

– Сол түні өздерін сауықтыру массажы салондары ретінде көрсеткен тағы екі нысан анықталды. Шын мәнінде, тұрақты клиенттері және икемді жұмыс кестесі бар притондар туралы айтып отырмыз. ҚР ӘҚбК-нің 450-бабында көзделген құқық бұзушылық белгілері бойынша жезөкшелікпен айналысу үшін үй-жай берген мекеме иелеріне қатысты әкімшілік іс қозғалды. Сонымен қатар, 15 жеңіл жүрісті әйелге де әкімшілік шара қолданылды. Олардың көпшілігінің Алматыда тіркеуі жоқ. Жеткізілгендердің жеке басы қандай да бір қылмыс пен құқық бұзушылыққа қатысы бар-жоғына тексерілді, – деді Әуезов аудандық Полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

Баяндамашы осындай рейдтік шаралардың тұрақты түрде жүргізіліп жатқанына баса назар аударды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру