Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында тыйым салынған заттардың контрабандасы анықталды

Түркістан облысында қызметтік иттің көмегімен полицейлер тыйым салынған заттардың контрабандасын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне Жібек жолы бақылап-өткізу пунктінің қызметкерлерінен хабарлама келіп түсті. Нақтырақ айтсақ, есірткі заттарын анықтауға жұмыс жасаған Марика атты қызметтік ит шетелдіктердің біріне белгі берген. Оқиға орнына бірден Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы келді. Тінту кезінде полицейлер Өзбекстан азаматының сөмкесінен есірткі қолдануға арналған құрылғы тапты. Дәл осы күні полиция қызметкерлері тағы бір заңмен тыйым салынған заттарды контрабандалық жолмен алып жүру жайтын анықтады.

Бақылап-өткізу пунктінен өту кезінде Марика атты қызметтік ит көрші республикаға бара жатқан күдікті ер адамды анықтады. Тәртіп сақшылары аталмыш Өзбекстан азаматының қалтасынан 5 дана белгісіз есірткіге ұқсас дәрі тапты. Алынған заттай дәлелдемелер сараптамаға жіберілді. Қорытындыға сәйкес, тәркіленген препарат трамадол болып шықты. 

Бұл деректер ҚР ҚК-нің 286-бабы (Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы) бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның толық мән-жайы анықталады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру