Түркістан облысында заңсыз оқ-дәрі сақтаған тұрғын анықталды
Түркістан облысында заңсыз оқ-дәрі сақтаған тұрғын анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz
Түркістан облысы көлемінде «Қару» профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Оның мақсаты – тіркелмеген қаруды заңсыз сақтау және атыс қаруын қолдану арқылы жасалатын қылмыстардың алдын алу, жолын кесу, қарудың заңсыз айналымымен айналысатын адамдарды анықтау.
Осы тұста Ордабасы аудандық полиция бөлімі қызметкерлері атқарған жұмыс нәтижесінде заңсыз қару сақтаған жергілікті тұрғын анықталды. Яғни, полицейлер тұрғынның үйін тінту барысында жатын бөлмедегі сөмке ішінен заңсыз сақталған екі оқ-дәріні тәркілеп алды.
Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 287-бабы (Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз емдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша тіркеуге алды. Айғақты зат ретінде алынған оқ-дәріге сараптама тағайындалды.
Полицейлер оқиғаның толық мән-жайын анықтауда. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.