Павлодарда көлік қаққан жаяу жүргінші ауруханаға жеткізілді
Павлодарда көлік қаққан жаяу жүргінші ауруханаға жеткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
– 30 тамызда сағат 08.00-де Павлодар қаласының Ломов көшесі, 180 үйге қарама-қарсы өткелде Lada Priora автокөлігінің 25 жастағы жүргізушісі жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмай, 45 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті. ЖКО салдарынан жаяу жүргінші жарақатпен ауруханаға жеткізілді, – деді Павлодар қаласы Полиция басқармасы Патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары Алтынбек Медияров.
Полиция қызметкерлері сараптама тағайындалғанын және автокөлік арнайы айыппұл тұрағына қамауға алынғанын атап өтті. Тексеру жүргізіледі.
Биыл облыс аумағында 263 ЖКО тіркелді, соның салдарынан 44 адам қаза тапты, 403 адам жарақат алды.