Түркістан облысында жалған жарнама арқылы алаяқ тұрғынды сан соқтырған
Түркістан облысында жарнама арқылы тұрғынның ақшасын алған Алматы облысының тұрғыны анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Отырар аудандық полиция бөліміне І-топ мүгедегі жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, ол көлік алу ниетімен жарнамалық сайттарды қараған. Содан бір көлікті алатын болып, оның иесіне хабарласқан. Ал сатушы телефон арқылы жәбірленушінің сеніміне кіріп, алдын ала 30 мың теңге салып жіберген. Осылайша алаяқтық жолмен жалған жарнама берген жас жігіт, ақшаны аудартып алған соң, телефонын мүлдем өшіріп тастаған. Жұмыссыз, мүмкіндігі шектеулі жан келтірілген шығынның өзі үшін, отбасы үшін ауыр тигенін, сол себепті кінәліні табуға көмек сұрайды.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді.
Орын алған алаяқтық қылмысын ашып, күдіктіні ұстау мақсатында тәжірибелі полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылып, шұғыл әрекет етті. Нәтижесінде күдікті ретінде бұрын сотталған, Алматы облысының тұрғыны жас жігіт анықталып, полицияға жеткізілді.
Ол жалған жарнама бергенін толық мойындап, жәбірленушіден алған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жібергенін көрсетті.
Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.