Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Әлеуметтік желі арқылы елорда тұрғындарын алдаған ресейлік бойжеткен темір торға тоғытылды

Әлеуметтік желіде 26 жастағы бойжеткеннің “Никита” деген лақап атпен жалған профиль ашып, әйелдерге ғашық екендігін айтып, олардан ақша алып жүргені анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

31 жастағы елорда тұрғыны әлеуметтік желінің алаяғына алданып, 130 мың теңге аударып жібергенін айтып, полицияға жүгінген.

Анықталғандай, ер адамның атын жамылған күдікті романтикалық хат алмасу барысында өзіне тіркелген адамдардың сеніміне әбден кіріп алған. Олардың сеніміне кіргені соншалықты интимдік сипаттағы фотосуреттерін алып, оларды әлеуметтік желіге саламын деп қорқытқан. Сөйтіп фотосуреттерін таратпауды өтінген бикештерден ақша талап етіп отырған.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында елордада осыған ұқсас қылмыстар үшін бұрын сотталған 5 алаяқтық іске қатысы бар Ресей азаматшасы анықталды.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 190-бабының 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Шетелдік ұсталып, түзеу мекемесіне қамалды.

Астана қаласы полиция департаменті азаматтарды желідегі танысудан сақ болуға шақырады.

– Виртуалды таныстарға шамадан тыс сену қайғылы салдарға әкелуі мүмкін. Сіз оларға жеке ақпаратты жария етпеуіңіз керек және сізге қауіп төндіретін интимдік фотосуреттермен бөліспегенің жөн, – дейді елордалық полицейлер.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру