Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астаналық сақшылар тонауға қатысы бар азаматты қолға түсірді

Астаналық сақшылар тонауға қатысы бар азаматты қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Таң азанмен қала тұрғыны полицияға хабарласып, өзін белгісіз біреудің тонап кеткенін айтқан.

Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз ер адам түнгі сағат 03:00 шамасында ол жұмыс істейтін Гете көшесіндегі қонақүйге келген. Ашулы келген ер адам аталған үй-жайдан кету туралы өтініштерді елемеген. Осыдан кейін күзетішімен бейтаныс адамның арасында жанжал туындап, бұзақы күш қолданып, жәбірленушінің қолынан ұялы телефонын жұлып алып, белгісіз бағытта қашып кеткен.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Сарыарқа аудандық ПБ-ның қызметкерлері 41 жастағы ер адамды “ізін суытпай” ұстады. Заттай айғақ алынды.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, оның елордада бұрын жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр.

Астана қаласы полиция департаменті тұрғындарға қырағы болуды ескертеді. Егер сіз заңсыз әрекеттерге тап болсаңыз, дереу полицияға хабарлаңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру