Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері аккумулятор ұрлаған күдіктілерді анықтады

Түркістан облысының полицейлері аккумулятор ұрлаған күдіктілерді анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шардара аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, оның Шардара қаласы көшелерінің бірінде тұрған Audi автокөлігінен белгісіз біреулер аккумуляторын ұрлап кеткен.

Оқиға орнына шыққан жедел-тергеу тобы мен криминалистер куәлардан жауап алып, ауланы аралап, мәліметтер базасы бойынша тексеру жүргізді.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер күдіктілерді анықтап, қылмыстың “ізін суытпай” ашты. Автоұрылар Шардара қаласының екі тұрғыны болып шықты.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Оқиғаның толық мән-жайы мен сезіктілердің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру