Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында жақын танысының алтын сақинасын ұрлап кеткен күдікті әйел анықталды

Түркістан облысында жақын танысының алтын сақинасын ұрлап кеткен күдікті әйел анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Қазығұрт аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Әйел адамның айтуынша, оның үйіне келген танысы екі алтын сақинасын ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 80 мың теңге.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеуге алды.

Хабарлама алған бойда тәртіп сақшылары оқиға орнына бірден жетті. Олар қылмысты ашуға бағытталған шараларды жүзеге асырды. Оқиғаның мән-жайына қанық болған тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шараларын бастап кетті. Нәтижесінде қылмысқа қатысы бар күдікті анықталды. Ол Сарыағаш ауданының тұрғыны болып шықты.

Тексеру кезінде анықталғандай, күдікті мен жәбірленуші жақын таныстар болып шықты. Жәбірленуші әйел танысына алдағы болатын тойға алған алтындарын көрсеткен. Осы сәтте күдікті әйел алтын бұйымдарды көріп болғасын қорабына салып қойғандай кейіп танытып, тек қорабын қойған. Ол ұрлаған бөтеннің мүлкін үйіне апарып қойған. Сезіктіден айғақты заттар алынып, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру