Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда полиция қызметкерлерінің отбасылары арасында эстафета өтті

Петропавлда полиция қызметкерлерінің отбасылары арасында эстафета өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Әкем, анам және мен — спорттық отбасы”. Өңір полицейлері отбасы күніне орай қызметкерлердің отбасылары арасында спорттық эстафета өткізді.

Іс-шараны ұйымдастырушы – Арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасы мен “Динамо” дене шынықтыру-спорт қоғамдастығының филиалы.

– Отбасы күніне орай Полиция департаментінде қызмет атқаратын қызметкерлердің отбасылары арасында спорттық іс-шара өткізілді. Бұл шараға жеті команда қатысты. Команда құрамы үш адамнан. Бұндай іс-шаралар отбасылық құндылықтарды нығайтуға, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған, – дейді СҚО ПД Арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасының бастығы Жанат Сағденов.

Бірінші болып жарысты балалар бастады. Олар жылдам жүгіре отырып, анаграммаларды шешті, сұрақтарға жауап берді. Командаларына ұпайлар алу үшін барын салды. Аналары уақытқа картоп тазалап, әкелері ұзындыққа секірді. Сондай-ақ, команда мүшелері барлығы бірге қатысқан қызықты конкурстар да болды. Өздерінің спорттық дайындығын Хлевовтар отбасы да көрсетті. Балалардың үлкені Вероника ата-аналарын гимнастикадан өнер көрсетіп қуантуда. Отағасы Александр Хлевов СҚО Полиция департаментінің жедел-криминалистикалық басқармасының бөлім бастығы болып қызмет атқарады.

– Жарыс өте қызықты болды. Балаларға ұнады. Ата-аналар да дән риза. Бұндай іс-шаралар отбасындағы қарым-қатынасты жақсартып, ұйымшылдықпен әрекет етуге үйретеді, – дейді Александр Хлевов.

Хлевовтар отбасы үшінші орынды, екінші орынды облыстық Полиция департаментінің қызметкері Дәурен Құрмановтың, ал үшінші орынды ең көп ұпай жинаған Ақпараттандыру және байланыс басқармасының бөлім бастығы Михаил Золкиннің отбасы иеленді. Сайыстың ең кішкентай қатысушысы болып айдауылдау қызметінің қызметкері Ерболат Қанапинның ұлы 6 жасар Санжар танылды. барлық қатысушыларға грамоталар мен естелік сыйлықтар табыс етілді. Ең бастысы – күнделікті қызметте жүрген қызметкерлер отбасы мүшелерімен бірге демалысты жақсы өткізуге мүмкіндік алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру