Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада “Абайлаңыз балалар” іс-шарасы аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Қызылорда аумағында автомобиль жолдарындағы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол апаттарының алдын алу, жасөспірімдер жарақатын азайту және балалар арасында жол қозғалыс ережесін насихаттау мақсатында “Абайлаңыз, балалар “ республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz

Қызылорда қаласы  Полиция басқармасының ювеналды полиция бөлімшесінің қызметкерлері  оқу орындары мен жаяу жүргіншілер өткелдері маңындағы жол-көше желілеріне мониторингті күшейтті. Мектептер мен мектепке дейінгі білім беретін мекемелерде профилактикалық жұмыстар күшейтілді. Ювеналды полиция инспекторлары қала көлеміндегі 56 мектептің, 15 балабақшаның және 10 жеке  білім беру ұйымдарының оқушылары мен тәрбиеленушілеріне жолда жүру ережесі туралы сабақтар, семинарлар  өткізді.

Тәртіп сақшылары жолдың жүрісі бөлігінде ойнауға болмайтынын, көлік көп жерде жолды тек белгіленген жерден және бағдаршамның жасыл түсіне ғана өту керектігін ескертеді. Полицейлер аталмыш іс-шарада балалардан осы қарапайым ережелерді сақтау қажеттігін сұрайды. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру