Түркістан облысында жол-көлік оқиғасынан 3 адам көз жұмды
Түркістан облысында жол-көлік оқиғасынан үш адам көз жұмды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
3 сәуір сағат 20:30 шамасында Самара-Шымкент тас жолы бойында шымкенттік тұрғын өзінің «Tayota Camry 50» маркалы көлігімен Түркістаннан Шымкент бағытына қарай келе жатып, жолдың сол жақ бетінен шыққан жылқыны қағып кетеді.
Осы жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам оқиға орнында қайтыс болған. Оның ішінде екеуі ерлі-зайыптылар және біреуі жасөспірім, яғни немересі.
Көліктің жүргізушісі алған дене жарақатынан Шымкент қалалық ауруханасының жансақтау бөліміне түскен. Ол қаза болған жұбайлардың күйеу баласы.
Аталған жайт Ордабасы АПБ-мен ҚР ҚК -нің 345-бабымен тіркеуге алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.